ЭТЭ: ҚБАЖжЕАЕ

ЭТЭ: ҚБАЖжЕАЕ

Ірі кәсіпорынның қызметкерлерін басқару, еңбек ақыны есептеумен және уақытылы төлеумен, кадрлық есепті жүргізумен, қызметкерлерді іріктеумен, оқытумен және дамытумен байланысты сұрақтардың кең ауқымын шешуді меңзейді.

Қызметкерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі және еңбек ақыны есептеу (ҚБАЖжЕАЕ)көлденең шешім болып табылады, украин заңнамасы талаптарына сәйкес, қызметкерлермен есеп-айырысуды тиімді жүргізуге арналған оңтайлы мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін және заманауи компанияның алдында тұрған барлық міндеттер тұрғысында қызметкерлерді басқаруды кешенді автоматтандыруға арналған.

Қызметкерлерді басқару және еңбек ақыны есептеу бойынша шешім компания қызметінің барлық саласын қамтиды.

Шешімді енгізудің артықшылықтары:

  • алгоритмдерді заңнама талаптарына сәйкес оңтайлы баптау;
  • қызметкерлер туралы барлық деректерді бірегей деректер базасында орталықтандырылған сақтау;
  • компаниядағы бос орындарды бақылау және қызметкерлер туралы ақпараттарды жедел алу;
  • қызметкерлер туралы тарихи деректерді есепке алу және сақтау, оның ішінде еңбек ақыны есептеу үшін пайдаланылатындарын (білім туралы, жұмыс тәжірибесі және тілдерді білуі туралы, біліктіліктерін арттырулары және қайтадан дайындықтан өту туралы, тәртіптік жазалар және тиесілі жеңілдіктер және т.б. туралы);
  • төлемдердің кез-келген үлгісін есептеу мүмкіндігі: уақытша, келісімді және аралас;
  • кез-келген күрделіліктердегі аударымдарды және шегерімдерді есептеу алгоритмдерін қолдау (жұмыс істеген уақыты үшін, орташа еңбек ақысы бойынша, есеп-айырысу аралық және салықтық төлемдер және т.б.);
  • анықтамалықтарды пайдалана отырып, күн сайынғы және сомаланған табельдік есепті жүргізу мүмкіндігі;
    кәсіпорындағы қолданыстағы есептеу жүйелеріне интеграциялау.

Шешімді пайдаланудың экономикалық тиімділігі

  • құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарының және бизнесүдерістердің ашықтығын арттыру;
  • бірегей ақпараттық кеңістік есебінен деректерді іздеуге және өңдеуге кететін уақытты қысқарту;
  • қызметкерлерді басқару және еңбек ақыны есептеу бизнес үдерістерін оңтайландыру;
  • қолдағы бар кадрлық әлеуетті тиімді пайдалану және жетілдіру, қызметкерлердің қосымша машықтарын пайдалану мүмкіндіктері;
  • HR-қызметтердің, бухгалтерияның жұмысын оңтайландыру есебінен әкімшілік шығындарды қысқарту;
  • ішкі өзара әрекеттестікті нығайту, компания қызметкерлерінің адалдықтарын арттыру;
  • болашағынан үміт күттірер қызметкерлерді анықтау, кадрлық қорды және мирасқорлықты қалыптастыру;
  • қызметкерлерді ынталандыру, карьералық жоспарлау және оқытуға арналған ашық саясатты жүзеге асыру жолымен ұстап қалу.

Шешім функционалы:

Кадрлық есеп

  • штаттық кестенің өзгерістерін қалыптастыру және жүргізу (ұйымдастырушылық құрылымды басқару, штаттық кестені қалыптастыру, бекіту және өзгерту және т.б.);
  • штаттық кестені ауыстыру: қызметкерлерді жұмысқа қабылдаумен, қызметтік саты бойынша қозғалумен (лауазымдық жалақы), ауыстырумен, және жұмыстан босатумен байланысты барлық әрекеттер;
  • заңнаманың талаптарына сәйкес қызметкерлердің дербестендірілген есебін жүргізу;
  • жұмыс уақытын пайдалануды жоспарлау және жүргізу, оның ішінде демалыстарды, еңбекке жарамсыздық парақтарын және оқуға жіберу жолдамаларын;
  • қызметкерлер бойынша өкімдерді есептеу: жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату және т.б. туралы бұйрықтар;
  • қызметкерлердің жеке істерін жүргізу;
  • ынталандыру бағдарламаларын басқару (алғыс хаттар, сіңірген еңбегі үшін қосымша төлем, материалдық көмек, басқа да бонустар).
  • статистикалық есептерді қалыптастыру.

Еңбек ақыны есептеу

  • жұмыс уақыты мен мерекелік күндер күнтізбесін жүргізу;
  • жұмыс уақытын есептеу табельдерін жүргізу;
  • еңбекке жарамсыздық, демалыстар, барлық міндетті салықтар мен жарналарды, алименттерді және басқа да шегерімдерді ескере отырып, негізгі және қосымша еңбек ақыны есептеу (уақытша, сонымен қатар келісімді төлем үлгісінде де);
  • ынталандыру төлемдерін есептеу;
  • орташа еңбек ақы бойынша төлемдерді тағайындау;
  • істелген уақыт үшін төлемдерді тағайындау (кезеңдік те, сонымен қатар бір реттік те);
  • есептілікті баспа және электронды түрде де қалыптастыру.

Қызметкерлерді таңдау

  • қызметкерлерді таңдауға арналған өтінімдерді жүргізу және келісу;
  • үміткерлер түйіндемелерінің бірегей базасын жүргізу, бос орындарға үміткерлердің түйіндемелерін өңдеу;
  • жүйеде әрбір үміткерге карточка жасау, үміткермен әрбір өзара әрекеттестік кезеңдері бойынша тарихты сақтау (телефон бойынша сұхбат, әңгімелесуге шақыру, офферді жібері, тапсырыс берушіде үміткердің түйіндемесін табуды қадағалау және т.б.);
  • корреспонденцияны жіктеу және бақылау;
  • кездесулер мен телефон қоңырауларына мониторинг жүргізу;
  • электрондық пошта бойынша хат жазысуды қолдау;
  • қызметкерлерді жаппай жұмысқа қабылдау;
  • аналитикалық есептілікті қалыптастыру.

Қызметкерлерді дамыту

  • қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру үдерісін стандарттау;
  • қызметкерлердің құзыреттерінің компания қажеттіліктерімен салыстыруға арналған графикалық құрал;
  • талап етілетін машықтардың құрылымдастырылған сипаттамасы;
  • жетіспейтін машықтарды ескере отырып, қызметкерлерді дамыту жоспарын әзірлеу;
  • қызметкерлердің оқуын басқару.

Шешімнің пайдаланушылары:

Компания басшылығы, департаменттер және бөлімдер басшылары, бөлімшелер менеджерлері, компанияның қатардағы қызметкерлері.