ЭТЭ: ЭС КБАЖ

ЭТЭ: ЭС КБАЖ

Энергетикалық сала кәсіпорындарын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ЭС КБАЖ) холдингтік энергияны сату компанияларының бизнес үдерістерін автоматтандыру бойынша кешенді шешім болып табылады. Бұл шешімді «ЭнТехЭко» компаниясы энергия нарығының және елдік заңнамасының ерекше талаптарын ескере отырып әзірледі және шешім:

  • холдингтік құрылымдардың және олардың бөлімшелерінің бизнес үдерістерін автоматтандыруға;
  • ірі энергетикалық кәсіпорындар ресурстарын басқаруға;
  • ақпаратты жинақтауға және талдауға арналған оңтайлы құралдар ұсынуға мүмкіндік береді.

ЭС КБАЖ ТМҚ электронды каталогы және нормативтік-анықтамалық ақпараттарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі, энергетикалық холдингтің деректерін қаржылық жоспарлауды, жинақтауды, шоғырландыруды және талдауды автоматтандыру; негізгі қорлардың жағдайын басқаруды автоматтандыру; сатып алуларды, қызметкерлерді басқаруды автоматтандыру; салалық, қаржылық және салықтық есептілікті қалыптастыру үдерістерін автоматтандыру негізінде энергетикалық холдингтің бірегей ақпараттық кеңістігін құруға арналған.

Шешімді енгізудің артықшылықтары:

  • холдингтің барлық анықтамалық ақпаратының орталықтандырылған саұқтау орнын жасау.
  • ТМҚ бүкіл холдинг шеңберінде және барлық қолданбалы жүйелер шеңберінде бірдей сәйкестендіруді қамтамасыз ету.
  • ТМҚ қозғалысын және қалдықтарының нақты есебін қамтамасыз ету.
  • өндірістік қызметкерлерді, ҰТЖ мамандарын, холдинг басшылығын жедел, өзекті және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
  • холдинг бөлімшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарды арттыру;
  • сатып алуға арналған сұранымдарды жинақтауға, талдауға және жалпы холдинг бойынша Сатып алу науқанын өткізуге кететін уақытты қысқарту.
  • бөлімшелер, өнімдер түрлері, баптар, кезеңдер және т.б. бойынша талдап тексеру мүмкіндігі бар шоғырландырылған деректерді көрсететін энергохолдингтің қаржылық моделін құру.
  • кәсіпорынның құрылыстары мен жабдықтары, оның техникалық, технологиялық және жөндеу сипаттамалары туралы нақты және жедел ақпаратты алу;
  • кәсіпорын жабдықтарының жағдайына бақылауды қамтамасыз ету, диагностика жасау, жабдықтардың ақаулары мен тоқтап қалуларын тіркеу, оларды жоюды және пайда болуы себептерін және дамуын талдауды бақылауды қамтамасыз ету.
  • ОЖ жағдайы туралы алынған шынайы деректерге сүйенген, жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеуді тиімді жоспарлау.
  • жөндеулерге арналған материалдық қорлардағы қажеттіліктер туралы өзекті ақпаратты алу, оларды пайдалануды талдау және бақылау.
  • OLAP-шаршыларды құру, жоспар-фактілік талдау.

Шешімді пайдаланудың бизнес пайдалары

  • холдингтің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысының және бизнес үдерістердің ашықтығын арттыру және оңтайландыру;
  • тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған кәсіпорынның жағдайы туралы өзекті динамикалық ақпаратты жедел алу мүмкіндігі;
  • кәсіпорындағы жоспарлау циклін қысқарту, болжалдық жоспарларды жасау дәлдігін арттыру;
  • жабдықты ұстауға және оған қызмет көрсетуге арналған шығындарды төмендету;
  • операциялық және басқару шығындарын төмендету;
  • бірегей ақпараттық кеңістікті пайдалану есебінен деректерді іздеуге және өңдеуге кететін уақытты қысқарту;
  • кәсіпорын ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
  • кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелерінің жұмыстарын оңтайландыру есебінен әкімшілік шығындарды қысқарту;
  • ішкі өзара қарым-қатынасты нығайту, компания қызметкерлерінің адалдығын арттыру;

Шешім функционалы:

Сынытауыштар:

  • өнімдер мен қызметтер сыныптауышы;
  • экономикалық қызметтер түрлері сыныптауышы;
  • сыртқы экономикалық қызмет тауарлары сыныптауышы;
  • мемлекеттік өлшем бірліктері сыныптауышы;
  • мемлекеттік әлем елдері сыныптауышы;
  • халықаралық сыныптауыштармен өзара әрекеттестік;
  • базалық сыныптауышты өзгерту және баптау;
  • жаңа ТМҚ Карточкаларын, номенклатуралар қасиеттерін жасау және өзгерту;
  • ТМҚ сыныптауыштар ағашына енгізу;
  • жүйенің қосымша анықтамалықтарын жүргізу (контрагенттер, өлш.бірліктері, қызметкерлер және т.б.);
  • жүйенің қосымша сыныптауыштарын жасау және оларға ТМҚ қосу;
  • ТМҚ жаңа Карточкаларын бекіту бойынша ҚБ қамтамасыз ету.

Анықтамалықтар

  • 500 000 артық ТМҚ анықтамалығы;
  • шамамен 500 ТМҚ анықтамалығы;
  • өндірушілер 1000-нан артық;
  • нормативтік стандарттар 1500-ден артық;
  • өнімдер түрлері бойынша артикулдар, шамамен 4000;
  • ТМҚ түрлері (сыныптар, қалыптар).

Холдингтің қаржысын басқару

  • модельдердің шектелмеген саны (Кірістер, Шығыстар, Қаржылық нәтиже, ҚҚҚБ; СЭӨ, …);
  • бюжеттердің әртүрлі модельдерін жасау;
  • өлшемдердің бірегей анықтамалығы;
  • деректердің өңдеу бизнес ережелері мен регламенттерін баптау;
  • енгізу үлгілері мен есептік үлгілерді баптау;
  • қауіпсіздік және қол жеткізу құқығы;
  • EXCEL-үлгілері түріндегі есептерді қалыптастыру;
  • WEB-беттердегі ақпаратарға мониторинг жасау;
  • OLAP-шаршылардің көмегімен деректерді талдау;
  • шоғырландырған деректерді егжей-тегжейлі тексеру.

Негізгі қорлардың жағдайларын басқару жүйесі

Жабдықтарды есепке алу және оның техникалық жағдайын бақылау:

  • техникалық орындарды (ТО); жабдықтар бірліктерін (ЖБ) есепке алу;
  • ЖБ орнату, орындарын ауыстыру, есептен шығару;
  • ЖБ және гидротехникалық объектілердің техникалық жағдайын бақылау;
  • жабдықтардың атқарымдарын, оқиғаларын және ақауларын есептеу.

Жабдықтарды реконструкциялау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жоспарлау және бақылау. Еңбек және материалдық ресурстардың мерзімдерін жоспарлау.

  • техникалық карталарды және калькуляцияларды жасау;
  • тексерулерді, бақылауларды, техникалық қызмет көрсетулерді, күрделі, ағымдағы және апаттық жөндеулерді жүргізуге тапсырма беру;
  • диагностика мен сынақтарды жоспарлау және жүргізу;
  • орындалған жұмыстар сапасы мен құнын бақылау және талдау;
  • ақауларды, жабдықтардың тұрып қалуын және технологиялық бұзылуларды есепке алу, олардың себептерін талдау және жоюды бақылау;
  • жүргізу уақыты мен құны бойынша жөндеу жұмыстарын басқарумен және қайтадан бөлумен байланысты мәселелерді шешу;

Жөндеу компанияларын қаржыландырумен және жабдықтарды пайдаланумен байланысты шешімдерді талдау, бақылау және қабылдау:

  • жабдықтарды реконструкциялау, жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұзақ мерзімді жоспарлау;
  • материалдық және еңбек ресурстарындағы қажеттіліктерді жоспарлау;
  • бюджеттерді, инвестициялық бағдарламаларды және жөндеу компанияларын қалыптастыру;
  • нақты орындалған жұмыстарды қадағалау және план-фактілік талдау.

Шешімдердің пайдаланушылары:

Энергия сатушы компаниялар мен холдингтер басшылары, функционалдық бөлімшелер менеджерлері, кәсіпорындар қызметкерлері.