ЭТЭ: ТМҚ ЭС

ЭТЭ: ТМҚ ЭС

Нормативтік-анықтамалық ақпарат (НАА) – кәсіпорынның қызметінде пайдаланылатын, анықтамалықтар, сөздіктер, сыныптауыштар, стандарттар, регламенттер жиынтығынан тұратын кәсіпорынның (ұйымның) бірегей ақпараттық кеңістігінің ядросы. Компанияның холдингтің бірегей ақпараттық кеңістігін құру тұжырымдамасын құру,кәсіпорында НАА қол жеткізуді шектемеуге, іздеуге, каталогтауға, сыныптауға арналған жеткілікті мүмкіндіктерге ие, бір жүйенің бір данасының пайдаланылатынын жорамалдайды.

Практика жүзінде кәсіпорын әдетте бір жүйенің бірнеше данасын немесе НАА басқаруға арналған әртүрлі жүйелерді пайдаланады: мысалы, холдингтің әртүрлі бағыттары, филиалдары немесе кәсіпорындары бойынша. Нәтижесінде:

  • басқару мен логистикадағы пайдаланылатын терминдер мен түсініктердің басқаша түсінілуі;
  • сауда-сатып алу қызметінің бірегейлендірілуінің және тәртіпке келтірілуінің жоқтығы;
  • тендерлік рәсімдерді өткізудің қиындатылуы;
  • негізгі нормативтік-анықтамалық ақпаратқа қол жеткізудің қиындатылуы анықталады.

Кәсіпорында НАА бірегей жүйесінің болмауы өндірістік бизнес-үдерістерді, автиоматтандыру жобаларын орындауда және басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру барысында кедергі келтіретін фактор болатын болады.

ТМҚ ЭС (Тауарлық-материалдық құндылықтардың электронды сыныптауышы) шешімі кәсіпорынның бірегей ақпаратық жүйесін қалыптастыру шеңберінде, нормативтік-анықтамалық ақпараттарды басқарудың автоматтандырылған тиімді жүйесін жасауға мүмкіндік береді. Аталмыш шешім деректердің орындарын ауыстыруға және оларды ERP және ЕАМ платформасындағы кез-келген жүйемен синхрондауға бейімделген.

Шешімді енгізудің артықшылықтары:

Кәсіпорында (корпорацияда/холдингте) ТМҚ ЭС Автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалану:

  • нормативтік-анықтамалық ақпараттың орталықтандырылған сақтау орнын жасауды қамтамасыз етеді;

ТМҚ туралы деректер базасын сақтауды орталықтандыру ақпараттарды пайдаланушыларға да, сонымен қатар кәсіпорынның есептеу жүйелеріне де бірегей ақпараттық кеңістікте жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мұндай сақтау орны компанияның қарамағындағы материалдық-техникалық ресурстар мен басқа да есептеу объектілерінің бүкіл номенклатурасынан тұратын болады. Мамандар мен есептеу жүйелері әрқашан қарама-қайша емес енгізгі деректерді алу қажет екенін білетін болады.

  • нормативтік-анықтамалық ақпараттарды басқару функциясын орталықтандыру;

Бөлінген бөлімшелер немесе ТМҚ ЭС қолдау тобы бір тұлғада, қабылданған сыныптауыштар мен кодтаудың корпоративтік стандарттарын сақтай отырып, кәсіпорынның НАА өзектілігі үшін жауапкершілік алады. Орталық та және оған бағынысты құрылымдар да бір тілде «сөйлеу» мүмкіндігін алады. Мысалы, өнім беруші-кәсіпорындарға ТМҚ Сыныптауышына қашықтықтан қол жеткізуді ұсыну, сатып алу рәсімдерін өткізуді айтарлықтай оңайлатуға мүмкіндік береді – сатып алушы да, және өнім беруші де бір тілде «сөйлейтін» болады.

  • нормативтік-анықтамалық ақпараттарға қол жеткізудің бірегей регламенті мен технологиялық ортасын жасау;

Пайдаланушыларға негізінен ТМҚ туралы деректер қажет – код, стандартталған атау және т.б. Сыныптауыштарды уақытылы толтыру және деректерді жаңғырту үшін жауапкершілік сарапшыларға артылады. Корпорацияның немесе холдингтің құрылымы неғұрлым күрделірек болған сайын, корпоративтік ТМҚ Сыныптауышын жүргізудің регламенті неғұрлым мұқият жазылады және оларды басқаруға арналған жүйенің болуы маңыздырақ болады.

  • деректердің қауіпсіздігінің қажетті деңгейі және оларды тұрақты түрде жаңғыртып отыру, қосарланған, қате немесе ескірген ақпараттың сақталуын жоққа шығаратын болады;

Ірі өнеркәсіптік бірлестіктің (холдингтің) қарапайым анықтамалығы 10-200 мыңнан астам жайғасымдардан тұруы мүмкін. Кейбір жағдайлардар бұл саны жарты миллионға және тіпті, миллионға жетуі де мүмкін. Сыныптауыш жүйесінсіз бүкіл бұл тізілімге және өңдеудің автоматтандырылған құралдарына қол жеткізу айрықша қиын болады.

  • сыныптауыштар мен НАА анықтамалықтарын, ТМҚ негізгі деректерін жүргізу үдерісіне кететін шығындарды ретке келтіретін және азайтатын, қолданыстағы басқару, бухгалтерлік және басқа да жүйелерге интеграциялау.

НАА тәртіпке келтірілген жүйесін жасау «дұрыс» автоматтандырудың негізі болып табылады. Екіншіден, экспорттық-сатып алу операцияларын белсенді жүргізетін немесе әлемдік нарықтарға кіретін кәсіпорынға, оның ТМҚ Сыныптауышының еуропалық және әлемдік Сыныптауыштармен өзара әрекетестік үшін ашық болғаны қажет.

Шешім функционалы:

Базалық сыныптауыш және ТМҚ анықтамалығы

Базалық сыныптауыш – бұл ТМҚ сыныптарға/қосымша сыныптарға/үлгілерге/қосымша үлгілерге және т.б. бөлінген, стандарттық ТМҚ сыныптауышы негізінде жасалған ағаш тәріздес ұсынылым.

ТМҚ анықтамалығында материал туралы ақпарат келесі құрылымдағы карточка түрінде ұсынылған:

  • номенклатура;
  • негізгі сипаттамалары – қабылданған стандартқа сәйкес қысқа атаудан, модельдің атауынан, қысқаша сипаттамалардан және сипаттамалардан тұратын материалдың атауынан тұратын тұрақты бөлігі;
  • номенклатураның қосымша қасиеттері және қасиеттер мәндері – жүйенің сарапшылары қабылдайтын айрықша қасиеттерден, кіріспеге арналған шешімнен және қолдаудан тұратын вариациялық бөлігі;
  • нормативтік құжаттар;
  • бейне: материал карточкасына фотосуреттер, сызбалар, сызбанұсқалар және т.б. бекітілуі мүмкін.
    дайындаушы кәсіпорын және дайындаушы кәсіпорын туралы ақпарат.

Стандартты пайдаланушы интерфейсі ТМҚ туралы ақпаратты (ТМҚ карточкасын) келесі деректердің жиынтығы ретінде ұсынады:

  • атауы;
  • номенклатуралық коды;
  • моделі;
  • қысқаша атауы;
  • жалпы сипаттамалар;
  • сипаттама;
  • өндіруші;
  • қасиеттері (мысалы – қайда қолданылады, көлемдері, дайындау тәсілдері және т.б.);
  • пайдаланылатын стандарттар

ТМҚ сыныптауышы қосымша жүйесі

Сыныптауыштың қосымша жүйесі – сарапшының жұмыс орны. Сыныптауыш пен ТМҚ анықтамалығын толықтыруға, түзетуге, жаңғыртуға, өзгерістер тарихын қадағалауға, әртүрлі топтамаларды қалыптастыруға және қажетті деректерді экспорттауға (мысалы, Excel-ге) мүмкіндік беретін барлық құралдардан тұрады.

Қосалқы жүйенің негізгі функциялары:

  • ТМҚ тіркеу карточкаларын жасау және өзгерту;
  • ТМҚ сыныптауыш ағашына қосу;
  • ТМҚ ЭС жүйесіндегі деректерді өзгерту;
  • жүйе анықтамалықтары деректерін өзгерту;
  • навигациялық сыныптауышты өзгерту;
  • қасиеттер мен олардың мәндерін өзгерту;
  • жаңа навигациялық сыныптауыштарды жасау;
  • ТМҚ топтық сыныпталуын жүзеге асыру.

Іздеу және навигациялық сыныптауыштар қосымша жүйесі

Навигациялық сыныптауыштар ТМҚ туралы ақпараттарды базалық сыныптауыштан ерекше ұсынуға арналған:

  • баламалы түр: мысалы, бухгалтерия маманына арналған және мысалы, материалдық-техникалық жабдықтау қызметіне арналған сыныптауыш түрі және ұсынылатын қасиеттері әртүрлі болады. Навигациялық сыныптауыштар сонымен қатар, ТМҚ компанияның қызмет түрлері бойынша, шығу тектері және т.б. бойынша ұсынуы мүмкін.
  • пайдаланушыға арналған түрі – тікелей пайдаланушыға арналып күйге келтірілетін іріктеу «сүзгісі». Мысалы, ЖЖМ немесе құбыр сатып алу бойынша маманға сыныптауыштың тек аталмыш бөлігін ғана көрсетуге болады;
  • құрамдық түрі: алғашқы екі түрдің араласуы мүмкіндігі;
  • деректерді іздеуді жүйелік түрде, сонымен қатар тікелей жүргізе беруге болады. Жүйе деректерді экранда иерархиялық ағаш түріндегі үлгіде ұсынатын болады. Қажетті номенклатураны таңдап алынған тармақ бойынша қажетті деңгейге дейін түсе отырып немесе атауы, атауының бөлігі, қасиеті және т.б. бойынша іздеуге қойып тауып алуға болады. Іздеу нәтижелерін – ТМҚ табылған жайғасымдары тізілімін пайдаланушы Microsoft Excel түрінде кесте түрінде бере алады. Мұнда да шектеу қажет – пайдаланушылардың әрқайсысының бұл функцияны пайдалануға құқығы жоқ, өйткені іздеу нәтижесі көптеген мыңдаған массив болуы мүмкін, ал деректердің мұндай көлемін қашықтықтағы серверден беру ешқандай логикаға сыймайды.

Пайдаланушылар мен құқықтарды басқару қосымшы жүйесі

  • Қосымша жүйе пайдаланушыларға арналған рөлдер мен рұқсат етілген функцияларды бөлуге арналған құрал болып табылады. Бұл деректерде қорғау және пайдаланушылық тәртіпті бақылау үшін міндетті құрал.
  • Деректерді қорғау пайдаланушылардың рөлдік қол жеткізуін басқарудың бағдарламалық құралдарынан басқа деректер базасы деңгейінде де қамтамасыз етіледі.

Өзгерістер мен толықтырулар енгізуге арналған өтінімдерді басқару қосымша жүйесі

  • Қосымша жүйе ТМҚ ЭС қолдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға, сыныптауыштар мен анықтамалықтарды өзекті жағдайда қолдауға арналған. Мұндай жұмыстар пайдаланушылардың өтіімдері тәртібінде немесе стандарттардың корпоративтік немесе салалық саясаттарындағым өзгерістерге сәйкес сыныптауыштарды өзектілендіру тәртібінде жүргізіледі. Пайдаланушылар ТМҚ Сыныптауышының кез-келген бөлігін – жалпы сыныптауышты немесе тек бір бөлігін ғана (тармағын), ТМҚ номенклатурасы қасиеттерін немесе қасиеттер топтарын, негізгі және қосымша анықтамалықтарды және т.б. өзгерту үшін ұсынылған өтінімдер жасай алады.
  • Жүйемен жұмыс істейтін пайдаланушылар, құқықтары мен орындайтын функциялары бойынша 3 санатқа бөлінген – пайдаланушының өзі, сарапшы және бас сарапшы. Қарапайым пайдаланушы ТМҚ туралы деректерді пайдаланады және қажет болған жағдайда түзетуге/толықтыруға/өзгертуге арналған өтінімдерді жасайды және жібереді. Сарапшы өтінімдерді қарастырады, оларды орындауға қабылдайды немесе кері қайтарады, және жүзеге асыру үдерісін қадағалайды. Бас сарапшы стратегиялық сұрақтардың шешімдері үшін жауап береді және жалпы Сыныптауышты қолдау үдерісін басқарады.

Есептілік қосалқы жүйесі

  • Есептіліктің қалыптасуы қосалқы жүйесі әкімшінің немесе тәжірибелі сарапшының құралдары болып табылады. Қосымша жүйе беретін мүмкіндіктердің көмегімен, есеп, іріктеме жасауға болады – жалпы, экранда стандартты түрден бөлек, кез-келген үлгідегі ТМҚ Сыныптауышы деректерін ұсынуға болады. Бұл сұранымдар тілінің көмегімен жасалынады және мұндай рәсімге арналған рұқсатқа мамандардың қатаң шектелген бөлігі немесе жүйенің бас әкімшісі ғана ие болады, өйткені Сыныптауыштың деректер базасындағы кестелер құрылымын білу де қажет болады. Нәтиже (есеп) деректерге қажетті түр беруге болатын Excel шығарылады.

Сыныптауыштармен өзара әрекеттестік:

ТМҚ электронды сыныптауышы әлемдегі сыныптауыштар жүйелеріне ортақ сәйкестіктер кестелері арқылы байланыстар және/немесе үйлестіру мүмкіндіктерін есепке ала отырып әзірленді:

  • ISIC (International Standard Industrial Classification of all Economic Activities) –
    экономикалық қызметтердің барлық түрлері халықаралық стандарттық салалық сыныптауышы (ХССС);
  • CPC (Central Product Classification) Халықаралық негізгі рәсімдер сыныптауышы (НӨС);
  • HS (Harmonized System) тауарларды халықаралық сатуды бақылау және басқару мақсатында халықаралық Кеден Ұйымы (WCO) әзірлеген Сыныптауыштардың үйлестірілген жүйесі.

Еуропалық сыныптауыштар:

  • NACE (Statistical Classification of Economic Activities in the European Community) Еуропалық қауымдастықтың экономикалық қызметі сыныптауышы;
  • CPA (Classification of Products by Activity in the European economic community) еуропалық экономикалық қауымдастықтағы қызмет түрлері бойынша өнімдерді жіктеу;
  • PRODCOM (List of PRODucts of the European COMmunity) Еуропалық Қауымдастық өнімдері тізілімі;
  • CN (Combined Nomenclature) Құрамдастырылған номенклатура.