ЭТЭ: Ақшалай қаражаттар қозғалысын

ЭТЭ: Ақшалай қаражаттар қозғалысын

Ақшалай қаражаттар қозғалысын (АҚҚ) басқарудың автоматтандырылған жүйесі – компанияның ақшалай қаражатын оперативті басқару тиімділігін арттыруға, сонымен қатар ақшалай қаражаттардың жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді.

«АҚҚ басқару» шешімі тармақталған ұйымдық құрылымы бар ірі холдингтік құрылымының талаптарын қамтиды және әр түрлі басқару деңгейінде қаржыландыруға виза беру бағдарларын, холдингке кіретін жеке компаниялар деңгейінде де, сонымен қатар Орталық басқару холдингі деңгейінде бюджеттік лимиттерді қадағалауды икемді баптау мүмкіндігін ұйғарады.

«АҚҚ басқару» шешімін енгізу және пайдалану мына төмендегілерді қамтамасыз етеді:

  • бастапқы құжаттар негізінде қаржыландыруға сұранысты автоматты түрде жасау;
  • бюджеттік лимитті арттырмаудағы қаржыландыруға сұранысты бақылау;
  • орнатылған маршруттық расталымына сәйкес қаржыландыруға сұранысты растау;
  • төлемдік күнтізбені жасау және қаржыландыруға сұраныс төлемінің күнін белгілеу;
  • клиент-банк жүйесіне импорт үшін төлемдік тапсырысты автоматты құрылымдау;
  • банктік көшірме импорты және қаржыландыруға сұранысы бар нақты төлемді салыстыру;
  • ақшалай ағымды оперативті талдау және бақылау, қалдықтарының оперативті есебі компанияның барлық шоттарында.

Шешімді енгізу басымдылығы:

Компанияның ақшалай ағымын басқаруының бизнес-процесінің әрбір қатысушылары үшін шешімді қолданудың басымдылығы мына төмендегілер болып табылады:

Қаржы директорлары үшін:

  • нақты және жоспарлы ақшалай түсім мен төлемдер туралы толық аналитикалық ақпарат алу;
  • кассалық қарама-қарсылықты уақытылы табу және ақшалай қаражаттарды тартудың қайнар көзі туралы оперативті шешім қабылдау;
  • компания шоттарындағы қалдықтардың нақты уақыт режиміндегі мониторингі және еркін ақшалай қаражаттар есебінен аса тиімді қолдану туралы шешімін қабылдау;
  • кәсіпорын бюджетіне расталуына сәйкес барлық шығыс төлемдерді автоматты бақылау есебінен компанияның қаржылық мақсаттарының жетістігі.

Қаржы бөлімдерінің қызметкерлері үшін:

  • қаржыландыруға сұранысты бюджеттік бақылауды өткізудің үдерісін оңайлату, бюджеттік бап бойынша еркін қалдықтың автоматты есебі;
  • кәсіпорын үшін олардың басымдылығы есебінен қаржыландыруға сұраныс төлемінің аса тиімді мерзімін белгілеуге икемді құралдың болуы;
  • шоттарда қалдық ақшалай қаржы туралы оперативті ақпараттан шыға отырып, сұраныстар маршрутизациясы (қаржыландыруға сұраныс төлемін жүзеге асыратын есептік шоттарды белгілеу);
  • қаржыландыруға сұраныстармен нақты төлемнің автоматты салыстыру;
  • нақты кіріс төлемі туралы ақпарат негізінде ақшалау қаржы түсімінің жоспарын орындалысының талдаулары.

Қаржыландыруға сұраныс бастамашылар үшін:

  • құжат-дереккөзден қажетті барлық реквизиттерге көшірумен құжатнама-негіздеме (төлемге, шарттарға, төлемдік тізімдеме және басқаларға шоттар) негізінде қаржыландыруға сұранысты автоматты жасау мүмкіндігі;
  • қаржыландыруға сұраныстың ағымдағы күйін қадағалау қарапайымдылығы, ақпарат алудағы оперативтілік: қаржыландыруға берілген сұраныс бекітудің қандай кезеңінде тұрғандығы, қаржыландыруға сұраныс қандай мөлшерде төленді;
  • қаржыландыруға сұраныстың бекітілуге жөнелткенге дейінгі бюджет бабы бойынша қолжетімді лимитті қарау мүмкіндігі;
  • қағазды тасымалдағыштарда қаржыландыруға үдерісінен бас тарту мүмкіндігі.

Клиент-банк жүйесімен жұмыс бойынша операторлар үшін:

  • қаржыландыруға сұраныс негізінде Клиент-банктегі импорт үшін төлемдік тапсырмаларды автоматты құрылымдау, яғни Клиент-банк жүйесінде қолмен төлемдік тапсырыстар құру қажеттілігінің болмауы;
  • төлем реквизиттерін енгізуде жаңылыс кетуінен қателер санының қысқаруы;
  • жүйеге банктік көшірменің автоматты импорты.

Шешімді қолданудың экономикалық тиімділігі

Ақшалай қаражаттардың қозғалысын Басқару шешімін енгізу және кезекті пайдалану қамтамасыз етеді:

  • компанияның өтімділігін жоғалту қаупін басқаруды бақылау, талдау, мониторингі тиімділігін арттыру;
  • қаражатты оперативті үлестіру және кассалық қарама-қарсылықты жою есебінен айналым қаражатының айналымдылығын арттыру
  • қаржы ресурстарын қолдануды тиімдендіру есебінен компанияның кірістілігін арттыру.

Шешімді енгізуден тікелей экономикалық нәтиже мына төмендегілер есебінен қол жеткізіледі:

  • орындалмай қалуы қажетті ақшалай қаражаттарды тарту және айыппұл санкцияларын төлеу бойынша жоспарланбаған іс-шараларды орындаумен байланысты қосымша шығындарға міндетті және бірінші кезектегі төлемдерді жүргізу барысында «тар орынның» тораптануына алып келетін кассалық үзілістерді азайту;
  • актив пен пассив қаржылай ресурстарды үлестірудің тиімділігін арттыру
  • кәсіпорынның айналымдағы қаражатын үнемдеу

Шешім енгізуден жанама нәтиже мына төмендегілер есебінен қол жеткізіледі:

  • компанияның қаржылық ағынын басқарудың тиімді құралын қолдану есебінен стратегиялық жоспарлауды жетілдіру;
  • қабылданатын шешімнің экономикалық негіздемесін арттыру;
  • инвестициялық саясат енгізудің тиімділігін арттыру;
  • қаржы ағынын тиімдендіру және кіріс және шығыс қаржы ағынының арасындағы тиімді теңгерімді орнату;
  • есеп функциясын бөлу және қаражат түсімі мен жұмсалымын бақылау төлем саласында теріс пайдаланушылық ықтималдылығын төмендету;
  • құжат айналымын реттеу және тиімдендіру;
  • динамикалық өзгермелі толық және анық ақпаратты ыңғайлы күйінде алу мүмкіндігі.

Шешім функционалы.

АҚҚ баптары бойынша бюджеттік лимиттерді енгізу

Ақшалай қаражатты қолдануды лимиттеу шығыстық баптар бойынша ақшалай қаражаттарды төлеу сомасын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жүйеде холдингтік компанияларға үшін маңызды болатын күрделі ұйымдық иреархия икемдеу мүмкіндігі бар және холдингтің құрылымдық бөлімшелерінде бюджеттік лимиттердің жеке есебін енгізуге мүмкіндік береді.

Ақшалай қаражаттар түсімі/төлемнің баптарының құрылымы сонымен қатар иреархиялық құрылымы бар және компания қызметінің ерекшелігі есебінен бапталады.
Жалпы алғанда жүйеде бюджеттік көрсеткіштерге арналған 10 аналитикалық шамаға дейін қолдану мүмкіндігі қолдауға ие.

Бюджеттік лимиттерді енгізу компания жоспарлауы мен басқару есебі жүргізілетін аналитикалық шамаға сәйкес ж.зеге асырылады.

Жоспарлы түсімді енгізу

Компанияның төлемпаздығының болашақтағы күйін жоспарлау үшін, ақшалай қаражаттың түсімінің баптарының шамасында күн бойынша жоспарлы түсімін енгізу мүмкіндігі орындалды. Холдинг деңгейінде қаржылық басқарудың ақшалай қаражаттарының түсімін жоспарлау құралының көмегімен ақшалай қаражаттың жоспарланған ағыны туралы бағыныңқы бөлімшелердің барлығынан оперативті ақпарат алады.

Түсімді жоспарлау қаржыландыруға сұраныс бойынша жоспарланған төлем есебінен күн бойынша ақшалай қаражат қалдықтарын жоспарлау үшін қолданылады.

Түсім жоспарының орындалысын оперативті қадағалау және жүйе объективті басқару шешімі қабылдау мүмкіндігін беретін банктік көшірмелерден алынған ақпарат негізінде күн бойынша ақшалай қаражат түсімінің автоматты импортталған дерегін алуға мүмкіндік береді.

Қаржыландыруға сұраныс құру.

Төлемге сұраныс төлем бастамашысымен жасалады. Жүйеде бастапқы құжаттар негізінде қаржыландыруға сұранымды автоматты генерациялау орындалған: төлемге шоттар, төлемдік тізімдемелер, кіріс құжаттары, шарттар. Қаржыландыруға сұранымның барлық қажетті реквизиттері қажетті реквизиттері құжат-негізден мұраланады. Бюджеттік бақылау жүргізуге арналған қаржыландыруға сұранымның аналитикалық белгілері, сонымен қатар сұраныс құру және барлық қажетті реквизиттерді толтыру уақытын едәуір қысқартатын бастапқы құжатымен қаржыландыруға сұраныс көшіріледі.

Жүйеде бірнеше валюталарда сұраныс тіркеу мүмкіндігі және оларды ұлттық валюта эквивалентінде есептілігін кезекті көрсету мүмкіндігі бар (жүйе автоматты түрде сыртқы дереккөздермен валюта курсын импорттайды).

Холдинг құрылымдық бөлімшелерінің енгізген қаржыландыруға барлық сұранымдарын аналитикалық формада қарауға болады. Мұнда бастамашыларға олардың өтінімдері ғана қолжетімді, холдингтің қаржылық басқармасына – қаржыландыруға енгізілген барлық сұранымдар.

Қаржыландыруға сұранымды растау

«АҚҚ басқару» шешімінде «бекіту маршруттарының »механизмдері орындалған. Оны баптау кезінде визалаудың, қолданушылар – визалау үдерісінің қатысушыларын қаржыландыруға сұранымын бекіту кезектілігінің барлық кезеңін көрсетуге болады. Бекіту кезеңінде өзінің бағыныңқы қызметкерлерінің сұранысын растайтын құрылымдық бөлімшелер басшылары, шоттар мен шарттардың дұрыстығын растайтын бухгалтерлер, бюджеттік лимиттерді қаржыландыруға сұранысының сәйкестілігін бақылауға алатын қаржы бөлімінің қызметкерлері, қаржы директоры және т.б. тартылады.

Функционалды қолдану өкілеттікті нақты шектеу мен ақша ағымын басқаруды орталықтандыру есебінен тармақталған құрылымымен ірі холдингтерде қаржыгерлер жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жүйе әр түрлі бағыттағы сұраныс беруге мүмкіндік береді. Мысалы, ірі сомаға берілетін сұраныстарда әдеттегі сұраныстарға қарағанда, келісім механизмі аса күрделірек боп келеді. Егер сұраныс сомасы орнатылған шегінен асып кететін болса, онда басшыдан өзге Қаржы бақылаушысы да растау керек. Атаулы механизм төменгі шектегі басшылардың жоқ төлемдері үшін жауапкершілігін құқық беру және бұның нақты талап етілген жерінде қажетті деңгей мөлшерін енгізуге мүмкіндік береді.

Бастамашы үнемі өзінің сұранысының бекітудің қандай кезеңінде тұрғандығын оңай қадағалай алады.

Қаржыландыруға сұранысты бюджеттік бақылау.

Қаржыландыруға берілетін сұраныс енгізілген бюджеттік лимиттер бойынша бюджеттік бақылаудан өтеді. Егер ол бюджеттік лимиттен асатын болса, жүйе төлемге қаржыландыруға сұранысын өткізуге мүмкіндік береді. Ерекшелік төлемі сынулар, табиғат апаттарымен және басқалармен байланысты болатын бюджетте жоспарланбаған қаржыландыруға шұғыл сұранысты құрайды. Мұндай қаржыландыруға сұраныстар үшін қажетті өкілеттілігімен бөлінген лауазымдық тұлғаның оларды бекіту жағдайларында ғана бюджетті арттырумен төлем мүмкіндігі орындалады.

Қаржыландыруға сұранысты бюджеттік бақылауды өткізгенге дейін қаржыландыруға сұраныс төленуі мүмкін болатын шегінде еркін қалдықты ақпараттық қарау мүмкіндігі бар. Айдың қорытындысы бойынша қолданылмаған бюджеттік лимиттерді қарау мүмкіндігі бар.

Күнге төлем күнтізбесі мен төлем тізімдемесін жасау

Қаржыландыруға сұраныстың өткен бекітілімі мен жоспарлы түсімі негізінде жүйе компанияның шоттарына жоспарлы қалдықтарды қадағалауға арналған төлемдік күнтізбе жасауға мүмкіндік береді. Төлем күнтізбесін жасау тұтас алғанда холдингтің өзіне де, сонымен қатар оның құрылымдық бөлімшелеріне де қолжетімді. Холдинг бойынша төлем күнтізбесі холдингке кіретін компаниялардан алынған ақшалай қаражаттардың жоспарлы төлемі/түсімдері туралы ақпараттардың біріктірілуі нәтижелерінде жасалады.

Төлем күнтізбесін жасау функционалының көмегімен оперативті түрде қадағалау және кассалық үзілулерді жоюға, қарыз қаражаттарын тартуды жоспарлауға мүмкіндік алады. Кассалық үзілулер туындаған жағдайларда қаржыгер басымдылығы аз сұраныстарды кейінірек мерзімдерге шегеру мүмкіндігі болады. Қаржыгер қаржыландыруға сұраныс төлемінің күнін меневрлеу немесе қосымша түсімдерді жоспарлау жолымен (мысалы, несиелік желі бойынша траншей) төлем күнтізбесін теңгеруге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар төлем күнтізбесі холдингке кіретін компаниялар арасында ақша қаражаттарын ауыстыру туралы шешім қабылдау құралы болып табылады.

Жүйеде қаржыландыруға сұраныс төлемінің күні мен басымдылықтарды орналастырғаннан кейін берілген күнге төлем тізімдемесін жасау мүмкіндігі бар.

Қаржыландыруға сұраныс төлемі

Қаржыландыруға сұранысының төлемі үшін, жүйеде Клиент-банкке төлем экспортының үдерісі бар. Осындай операциялар нәтижесінде төлемге дайын төлем тапсырысы жасалады. Клиент-Банкпен байланыс банкке төлем жөнелту уақытын қысқартуға (Клиент-Банк жүйесіне төлем туралы ақпаратты қайта енгізу талап етілмейді), сонымен қатар реквизиттер енгізілімінің қателіктерін азайтуға мүмкіндік береді.

Банктік көшірмені импорттау мен «АҚҚ басқару»Шешімін қаржыландыруға сұранысы бар төлем қарама-қарсылығы банктік көшірмеден импорттауға және тануға мүмкіндік береді.Банктік көшірмені импорттау сәтінде қаржыландыруға нақты төлем мен сұранысты автоматты салыстырылымы орын алады. Қаржыландыруға сұраныс үшін нақты төлем сомасы бекітіледі.

Аналитикалық есептілікті жасау

«АҚҚ Басқару» шешімінің функционалы қаржыландыруға сұраныс орындалысының жоспарлы-фактілі талдауының маңызды қаржы көрсеткіштерінің мониторингі, мақсатында әр түрлі есептерді.

«Шоттардағы қалдықтар тізімдемесінің» есебі валюта мен банк аралығында барлық типтердің (ағымдық депозиттік, несиелік) шоттар бойынша қалдықтарын еркін формада талдауларына мүмкіндік береді.

Қаржыландыруға сұранысты орындау туралы есеп «орындарда» сұраныс бастамашыларына, сонымен қатар холдингтің қаржы басқармасының қызметкерлеріне де пайдалы болып табылатын қаржыландыруға сұраныс орындалысы туралы ақпараттан тұрады.

«Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп» есептік формасы АҚҚ баптарының аралығында айға ақшалай қаражаттардың нақты түсімі/төлемі туралы ақпараттан тұрады.

«Бюджеттік лимиттерді игеру туралы есептің» есептік формасы талдау үстіндегі айда айға бюджеттік лимиттерді сақтауды, ақшалай қаражаттарды артық жұмсау немесе қолданбау бойынша АҚҚ баптарын табуды қадағалауға мүмкіндік береді.

Шешімді қолданушылар:

«Ақшалай қаражаттар қозғалысын басқару» шешімі әр түрлі экономика саласында өзінің қызметтерін жүзеге асыратын жеке кәсіпорындарда, сонымен қатар аймақтық тарату құрылымы бар объектілерде (филиалдар немесе қашықтағы бөлімшелер, холдингтер, корпорацияларда) қолданылады

Шешім қолданушылары компания, холдинг басшылығы, қаржы департаменттері мен бөлімшелерінің қаржы директорлары, басшылары мен қызметкерлері, бөлімшелер менеджерлері, компанияның қатардағы қызметкерлері.