Техникалық қолдау

Техникалық қолдау

Көптеген компанияларда ақпараттық жүйелерді және бағдарламалық қамтамасыз ету техникалық қолдау, көбіне әртүрлі интеграторлар мен вендорлардың өзара әлсіз үйлестірілген сервистік бағдарламаларының жиынтығы болып табылады. Бірқатар жағдайларда, ИТ-инфрақұрылымның сыни элементтері, енгізілген ақпараттық жүйелері модульдері тиісті дәрежедегі қолдаумен қамтамасыз етілмейді, ал олардың басқа бөліктері сервистің жоғары деңгейімен қамтамасыз етіледі. Соның салдарынан, ақпараттық жүйелерге қызмет көрсетуге арналған қаржылық шығындар артады, жалпы бизнеске ықпал жасайтын жүйелердің ұзақ мерзімді апатты тоқтап тұруының мүмкіндігі ұлғаяды, ал кәсіпорынның қарқынды өсуі жағдайындағы ауқымдауға арналған мүмкіндіктер айтарлықтай қысқарады.

Аталмыш міндеттің шешімдерінің бірі кәсіпорында техникалық қолдау бойынша меншік қызметті құру болып табылады. Бірақ, бұл шешімнің айтарлықтай үлкен минусы бар: жоғары білікті көп бейінді мамандарды ұстауға арналған дәйексіз үлкен шығындар.

«ЭнТехЭко»  компаниясының техникалық қолдау қызметімен әріптестік, тапсырыс берушімен оның мақсаттары мен міндеттерін терең түсіну мақсатында тығыз өзара әрекеттесу және нәтижесінде келесілерді қамтамасыз ететін, оларды орындауға арналған ең таңдаулы жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

  • мәселелерді шешу мерзімдері мен сапасы үшін жауапкершіліктің бірегей нүктесін белгілеу;
  • бизнестің қажеттіліктеріне бейімделген, әртүрлі сервистік деңгейлерді таңдау мүмкіндігі бар техникалық қолдауды алу;
  • техникалық қолдау шарттары мен сервистік келісім-шарттар бойынша құжат айналымын бірегейлендіру;
  • тапсырыс беруші кәсіпорынның ИТ-қызметінің ресурстарын бейіндік қызметті жүзеге асыру үшін босату;
  • біздің компания, сонымен бірге басқа мердігерлер енгізген жүйелерді қолдауға арналған шығындарды тиімді басқару.

«ЭнТехЭко»  компаниясы клиенттеріне көмектесу үшін, енгізілген шешімдерді техникалық қолдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша функцияны өзіне алуды ұсынады. Қызметтер төмендегілерден тұрады:

  • өтінімдерді қабылдау, жіктеу және басымдықтау;
  • сұранымдарды клиентпен келісілген реглементке сәйкес бағдарлау;
  • сұранымдар бойынша кеңес беру және орындау;
  • клиенттің кәсіпорнында енгізілген шешімді қолдау бойынша білім базасын қалыптастыру және жүргізу;
  • енгізілген шешімдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

«ЭнТехЭко»  компаниясы кәсіпорындарда енгізілген шешімдердің сенімді қызмет етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ресурстарға, тәжірибеге және сараптамаға ие. Қызметте 20 астам құзыретті мамандар жұмыс істейді, бұл әртүрлі жүйелерге кешендік техникалық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Біз әрбір күні Украинаның және ТМД елдерінің бірқатар ірі кәсіпорындарының ақпараттық жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етемііз. Біздің техникалық қолдау қызметінің бәсекелестік артықшылықтары төмендегілер болып табылады:

  • келісілген регламенттерге сәйкес сұраныстарды орындаудың белгіленген мерзімдері;
  • Тапсырыс берушінің ақпараттық жүйесін қолдауға арналған операциялық және капиталдық шығындарды төмендету;
  • мәселелерді бизнес үдерістердің сынилығы негізінде шешу;
  • «ЭнТехЭко»  компаниясының техникалық қолдау қызметінің қызметкерлерінің жоғарғы біліктілігі;
  • енгізілген шешімдерді техникалық қолдауға арналған шығындардың болжамдылығы;
  • техникалық қолдау үдерісін стандарттау;
  • мәселенің пайда болуы немесе қайталану тәуекелін төмендету.