Оқыту

Оқыту

Қызметкерлерді тиімді оқыту — ақпараттық жүйелердегі инвестициялардың өзін-өзі ақтаулары мерзімдерін қысқартуға арналған кілт. Егер, компанияның қызметкерлері (соңғы пайдаланушылар) жүйеде жұмыс істеу машықтарын толық көлемде меңгермеген жағдайда, ең күшті және функционалды шешімді сатып алу, тиімсіз салым болып табылады. Негізгі қызметкерлерді оқыту бизнестің жаңа талаптарына жауап қатуды үйретудің икемділігі мен жеделдігін арттырады, сонымен қатар пайдаланып отырған шешімді қолдауға және дамытуға арналған шығындарды азайтады.

«ЭнТехЭко» компаниясының жетекші кеңесшілері корпоративтік ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу саласындағы бірегей құзыреттер және жобалық шешімдерді меңгерген. Кәсіпорындардың бизнес-үдерістерін автоматтандыру бойынша жобаларды жүзеге асыру шеңберінде, біздің кеңесшілер мақсаты тапсырыс берушілердің қызметкерлерінің енгізілетін шешімдермен жұмыс бойынша фундаменталдық білімдерді алу болып табылатын, тапсырыс беруші кәсіпорындардың қызметкерлеріне оқыту өткізеді.

«ЭнТехЭко» компаниясының кеңесшілері қызметкерлермен бірге олар жүйені күн сайынғы пайдалану барысында кездесулері мүмкін, әртүрлі сценарийлерді егжей-тегжейлі пысықтайды, тапсырыс беруші кәспорынның салалық ерекшелігін ескере отырып жүйені пайдалану негізі баяндалған дербес оқыту бағдарламасын дайындайды.

«ЭнТехЭко» компаниясының мамандары тапсырыс беруші компанияның қызметінің ерекшелігіне бағдарланған тренингтерді дайындайды және өткізеді. Тренингтердің ұзақтығы, мазмұны, өткізілу орны және күні қосымша талқыланады.

Тапсырыс беруші компаниялардың қызметкерлерін оқытуға деген жүйелік тәсілдеме, кеңесшілердің тәжірибесі, салалық ерекшеліктерді білуі және терең түсінуі, кәсіпорынның «ЭнТехЭко» компаниясының мамандарының қызметкерлерді оқытуына кеткен шығынын ақтайды. Оқу орталығында әртүрлі салалық сарапшыларды, жүйенің мүмкіндіктері мен функционалы бойынша терең білімдерді меңгерген 20-дан артық құзыретті мамандар жұмыс істейді. Біз Украина мен ТМД-ның бірқатар ірі кәсіпорындарының қызметкерлерін оқыттық. Біздің оқу орталығының бәсекелестік артықшылықтары:

  • тапсырыс беруші компанияның қызметі мен бизнес-қажеттіліктерінің ерекшеліктеріне бағдарлануы;
  • компанияның бизнес-ортасының барлық ерекшеліктерін ескеретін, оқытудың дербес бағдарламалары;
  • кеңесшілердің кәсіпқойлығы мен тәжірибелері;
  • жүйені пайдалану барысындағы пайда болатын әртүрлі сценарийлерді пысықтау мүмкіндігі.