Компания құндылықтары

Компания құндылықтары 

ТИІМДІЛІК

Біздің компаниямыздың маңызды құнылықтарының бірі – жоғары тиімділік болып табылады. Біздің компаниямыздың ұраны – «Тиімді бизнеске арналған тиімді құралдар» – клиенттердің бизнестеріне арналған ұсынылатын шешімдердің максималды тиімділігін көздеуін көрсетеді.

Бизнестегі тиімділік – бұл оңтайлы уақыт аралығында, оңтайлы шығындар жағдайындағы сапалы нәтиже алуға деген қабілеттілік. Біз өсіп келе жатқан, ірі, күрделі бизнесті тиімді басқаруға мүмкіндік беретін және біздің клиенттеріңіздің алдында тұрған маңызды міндеттерді сапалы шешетін, идеяларды, тәсілдерді, технологияларды, қызметтерді және өнімдерді уақытылы ұсынамыз.

СЕНІМДІЛІК

Сенімділік – жеке және іскерлік серіктестіктегі ең бағалы қасиеттердің бірі болып табылады. Сенімді қызметкерлер мен серіктестер – компания көптеген жылдар бойы жинақтаған құндылығы болып табылады. Біз кәсіпқойлықтары жаңа жеңістер мен жетістіктерді алып келуге және мәселелерді шешуге көмектескен жүздеген мамандармен ынтымақтастық тәжірибемізді мақтан тұта аламыз.

Қызметкерлердің сенімділігі компания мен өнімдердің сенімділігіне ауысады. Біздің шешімдеріміздің сенімділігі, біздің компанияның сенімділігі жайында Украинаның көптеген ірі кәсіпорындары мен холдингтерімен тығыз, ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынастарымыздан көрініс береді.

ДӘСТҮРЛЕР

Дәстүрлер мен инновациялар арасындағы теңгерімді табу, тұрақтылық пен икемділік арасындағы теңгерімді табумен тең. Бұл ақпараттық технологиялар нарығында жұмыс жасайтын, кез-келген компания үшін күрделі міндет болып табылады. Біз бизнестің жаңа үдерістері мен құралдарын әзірлеу және енгізу арқылы өзіміздің жауапкершілігімізді түсінеміз, компанияның дәстүрлерін бағалаймыз.

БІРЛІК

Мақсаттарымыздың, құндылықтардың, жұмыс стандарттарының бірлігі – көшбасшылық орындарға қол жеткізуге арналған іргетас. Қызметкерлердің, басшылықтың, меншік иелерінің компания қызметінің тиімділіктері критерийлеріне, бизнесті дамыту тактикасына және стратегиясына деген ортақ көзқарасы – кез-келген компанияның табыстылығының кепілі.

Ортақ тізбекте маңызды немесе аса маңызды емес буындар болмайды: жалғыз бір буынның болмауы бүкіл тізбекті үзеді. Біздің компаниямыздың қызметінде де осылай: әрбір қызметкердің, әрбір топтың, әрбір жобаның командасының жұмысы маңызды. Біздің компаниямыздың әрбір қызметкері, оның білімі, тәжірибесі, адамгершілік қасиеттері – компанияның ортақ мақсаттарына қол жеткізуге алып келетін құрылуы және қызмет атқаруы логикасы тізбектің негізгі тізбегі болып табылады.

СИПАТЫ

Сипаты – ерекшеліктердің, қасиеттердің, сипаттардың жиынтығы – математиктер және психологтар, және философтар қолданатын термин. Грек тілінен аударғанда χαρακτηρ сөзі айрықша белгіні білдіреді. Осы жұмыс істеген жылдарымызда біздің компанияда өзіндік, бірегей сипат пайда болды деп айта аламыз, біз, өзінің қызметкерлері мен клиенттерін сыйлайтын, атауы мақтанышпен аталатын, адал және жауапкершілігі жоғары серіктес бола алатын, танымал беледді компания болуға мүмкіндік берген көптеген жеткілікті айрықша белгілерге ие бола алдық.

ЭТИКА

Кез-келген бизнесте этикалық мәселелердің алғашқы себебі қарама-қайшылықтар болып табылады. Клиенттердің, қызметкерлердің, меншік иелерінің, бәсекелестердің арасындағы қарама-қайшылықтар. Басқарудың тиімділігінің аспектілерінің бірі, тек қана бір тараптың мүдделерін емес, оның орнына мүдделер жиынтығын ескеру шеберлігі болып табылады. Біз өзіміздің қызметімізде басым бағыттарды қоя білуді және мүдделерді әртүрлі тараптармен келісуді үйрендік.

Біздің компанияның этикасы негізгі құндылықтарға негізделген:

  • Серіктестер алдындағы жауапкершілік;
  • Кмопанияның ресурстарын тиімді пайдалану жағдайында ең жоғаоы нәтижелерге қол жеткізу;
  • Интуиция, болжам жасау, новаторлық, құзыреттілік.

КОМАНДА

Біздің қызметкерлер – өздерінің істеріне берілген кәсіпқойлар – біздің компанияның негізгі құндылығы. Білікті қызметкерлерге салынған инвестиция біз үшін – ұзақ мерзімді табысьың негізі. Біз үйлестірілген жұмыстары бізге өзіміздің клиенттеріміздің қажеттіліктерін уақытылы қанағатитандыруға мүмкіндік беретін, жоғары біліктілікті мамандар командасын қалыптастырдық.

ТӘЖІРИБЕ

Әралуан тапсырмаларды шешу барысындағы әртүрлі жағдайлардағы алынған практикалық машықтар, әрбір қызметкердің дамуындағы және жалпы бизнестің дамуындағы негізгі қайнар көз болып табылады.
Практикалық тәжірибені энциклопедиялық білімдермен де, әртүрлі дипломдармен де, сертификаттармен де, наградалармен де салыстыруға болмайды. Өткен шақтағы тәжірибе, қазіргі тәжірибе – бұл болашақ құндылықтың кепілі және бұл құндылықты әрбір қызметкердің тәжірибесі, компанияның тәжірибесі қалыптастырады.