Компания туралы

Компания туралы

ЭнТехЭко компаниясы – ERP, EAM, CRM и жүйелерін әзірлеу, енгізу және қолдау саласындағы танымал сарапшы, украиндық ақпараттық технологиялар нарығының көшбасшысы. 1991 жылы «ЭнТехЭко» компаниясы құрылған сәттен бастап жинақталып отырған біздің кәсіби беделіміз, экономиканың әіртүрлі салаларындағы 80 табысты ауқымы кең жобалардың табысты жүзеге асырылуымен расталады. Компания жинақтаған тәжірибе, бизнестің әртүрлі салаларындағы басқару шешімдерінің кең ауқымды базасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Біз ТКШ, энергетика, өнеркәсіптік өндіріс, көлік, химиялық өнеркәсіп, қаржылық сектор, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін орта және шағын бизнес компанияларымен, сонымен қатар мемлекеттік органдармен, ғылыми-зерттеу институттарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен жұмыс істейміз. «ЭнТехЭко» компаниясы Microsoft, IBM сияқты Корпорациялардың серіктесі болып табылады.

Біздің компанияның мамандары қажетті сараптама мен тәжірибеге ие, ИТ-индустрияның, өндірістік салалардың дамуының барлық тенденцияларын мұқият қадағалайды, соның арқасында біздің дайындамалар, олардың өзектіліктерінің, ауқымды функционалдық мүмкіндіктерінің және оқшаулаудың арқасында таңдаулы шешімдер болып табылды.

Біздің команданың сөзсіз бәсекелестік артықшылығы, біздің тапсырыс берушілердің алдында тұрған негізгі міндеттерді түсінуі болып табылады. Біз табысқа келесілердің арқасында қол жеткіземіз:

  • біздің қызметкерлеріміздің жоғары кәсіпқойлығы;
  • біздің өнімдеріміздің жаңа нұсқаларында жедел көрініс беретін, біздің тапсырыс берушілердің жаңа қажеттіліктері мен нарықтардың құбылмалы талаптарына икемді реакциясы;
  • жобаларды жүзеге асыруға арналған кешенді тәсіл;
  • ондаған жылдарға созылған жемісті жұмыстар үшін әзірленген, әдістемелер мен енгізу регламенттері.

Біз өзіміздің серіктестеріміз бен тапсырыс берушілеріміздің алдында тұрған, міндеттерді жүйелік және кешенді шешуге максималды көмек және қолдау көрсетуге дайынбыз. Біз негізгі мақсаттары бизнес-үдерістерді оңтайландыру, біздің тапсырыс берушілердің кәсіпорындарындағы тиімділікті арттыру болып табылатын, жобаларды жүзеге асырудың өзара тиімді шарттарын талқылауға әрқашан да дайынбыз.