АТ-консалтинг

АТ-консалтинг

АТ дамыту саласындағы бірегей ұзақ мерзімді стратегияның жоқтығы, әртүрлі ақпараттық жүйелерді енгізудің, кәсіпорынның бизнес-үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру тиімділіктерін төмендету тәуекелдерін арттыратын факторлардың бірі болуы мүмкін.

«ЭнТехЭко» компаниясы кәсіпорындардағы қолданыстағы ақпараттық жүйелеріне алдын-ала аудит жүргізуді, оларды одан әрі жетілдіру тұжырымдарын әзірлеуді ұсынады. Кәсіпорынның ақпараттық жүйелеріне жүргізілетін аудиттің мақсаты:

  • компанияның АТ саласындағы негізгі бизнес-үдерістерінің тиімділіктері мен жеделдіктерін арттыру;
  • кәсіпорынның ақпараттық жүйелерін дамытудың бірегей стратегиясын әзірлеу;
  • АТ-қызметтерінің қызметтері тиімділіктерін арттыру, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, енгізу, техникалық қолдау үдерістерін оңтайландыру;
  • кәсіпорынның ақпараттық жүйелерін қолдауға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;
  • кәсіпорынның АТ-жүйелерінің бизнестің құбылмалы талаптарына икемді жауап қатуына арналған жағдайларды жасау;
  • жекеленген қосымшаларды интеграциялауға арналған шығындарды қысқарту.

Біз экономиканың әртүрлі салаларындағы бизнес үдерістерді, тиімді ақпараттық жүйелерді құру саласындағы таңдаулы халықаралық және отандық практикаларды терең білуге негізделген консалтингтік қызметтердің толық кешенін ұсынамыз.

«ЭнТехЭко» компаниясының мамандары АТ-консалтингі саласындағы ұсынатын қызметтері келесілерден тұрады:

  • тапсырыс берушінің АТ-инфрақұрылымының аудиті;
  • кәсіпорындағы қолданыстағы бизнес үдерістерді талдау және нысандандыру, ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды әзірлеу;
  • ақпараттық жүйелерді жасау немесе оңтайландыру стратегиясын әзірлеу;
  • ақпараттық жүйелердің архитектурасын әзірлеу және жетілдіру;
  • тапсырыс берушінің АТ-құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынылымдарды әзірлеу;
  • әртүрлі салалық және көлденең АТ-шешімдерді таңдау және енгізу бойынша ұсынылымдарды әзірлеу, оның ішінде автоматтандырылған жүйелерді таңдау;
    • ERP және EAM сыныбындағы кәсіпорындардың ресурстарын басқару;
    • бизнестің тиімділігін басқару:стратегиялық жоспарлау, бюджеттеу, бақылау және талдау үдерістерін автоматтандыру;
    • қаржылық-экономикалық қызметтердің басқару;
    • оперативтік есептеу және жоспарлау міндеттерін шешуге арналған жүйелер;
    • нормативтік-анықтамалық ақпаратты басқару;
    • жабдықтар мен қорларға техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді басқару;
    • әртүрлі бизнес-міндеттерді автоматтандыруға арналған тік және көлденең (функционалдық) шешімдер.

«ЭнТехЭко» компаниясы көптеген жылдар бойына Украинаның АТ-консалтингі нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Компанияның мамандарының ұсынылымдары Ураина мен ТМД-ның ірі кәсіпорындарында ақпараттық жүйелерді жасау бойынша кешенді шешімдерді енгізуге мүмкіндік берді.

Компанияда экономиканың әртүрлі салаларында әртүрлі технологиялармен жұмыс істеудің үлкен тәжірибесі жинақталды, біз оның арқасында АТ-инфрақұрылымды тиімді дамыту, таңдаулы халықаралық практикалар мен тапсырыс берушінің бизнесінің ерекшіліктерін терең білу және түсінуге негізделген бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу бойынша сарапшылық ұсынылымдар ұсына аламыз.